ММА. OCTAGON 75 турнирінде жеңілмеген қазақ пен өзбек файтерлері кездеседі

ММА. OCTAGON 75 турнирінде жеңілмеген қазақ пен өзбек файтерлері кездеседі

6 шілдеде Ташкентте өтетін OCTAGON 75 турнирі аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы қазақстандық Тазабек Баянов (3-0) өзбекстандық Абдумалик Йорбутаевпен (4-0) октогонда кездеседі. Алдыңғы жекпе-жекте өзбекстандық спортшы бірінші раундта-ақ Underdog MMA Гран-приінің финалисті Микаэль Джумаевты (3-4) жеңген болатын.

Еске салайық, кештің басты жекпе-жегі жартылай орта салмақта қазақстандық «Рыцарь» Георгий Кичигин (32-10) мен жергілікті жұртшылықтың фавориті Шохасан Мирзаматов (15-4) арасында чемпиондық жекпе-жек өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или