«Бавария» Германия құрамасының шабуылшысын қатарына қосуға жақын

«Штутгарт» пен Германия құрамасының шабуылшысы Ник Вольтемаде «Баварияға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, футболшы мюнхендік клубпен 2030 жылдың жазыына дейін есептелген келісімшарт шарттарын мақұлдады. Енді «Бавария» «Штутгартпен» трансфер бойынша келіссөз жүргізбек.
Өткен маусымда Вольтемаде барлық турнирде 33 матч өткізіп, 17 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазыына дейін есептелген. Transfermarkt порталының дерегінше, ойыншының нарықтық құны – 30 миллион еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или