Григорий Ломакин ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Григорий Ломакин ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Тунистегі M15 Monastir 25 хард турнирінде қазақстандық Григорий Ломакин мен ұлыбританиялық Лука Пау өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың ширек финалында Ломакин мен Пау түрік теннисшілері Джемиль Тугру мен Тунджай Дюранды 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық-британдық дуэтке қарсыластар ретінде чехиялық Даниэль Блажка мен бразилиялық Пауло Андре Сарайва дос Сантош шығады. Олар ширек финалда финляндиялық Веса Ахти мен ұлыбританиялық Джеймс Маркьевицті 3:6, 6:3, 11:9 есебімен тізе бүктірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или