Әлемнің үздік бапкері белгілі болды

Әлемнің үздік бапкері белгілі болды

ПСЖ бас бапкері Луис Энрике FourFourTwo нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл рейтинг ұлыбританиялық басылым редакциясы мен шақырылған сарапшылардың қатысуымен өткен сауалнама нәтижесінде жасалды. Бірінші орынды Луис Энрике иеленді. Екінші орынды «Ливерпуль» жаңа бас бапкері Арне Слот алса, үздік үштікті «Интерден» «Әл-Хиләлға» ауысқан Симоне Индзаги түйіндеді.

Еске салайық, өткен маусымда ПСЖ өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

FourFourTwo нұсқасы бойынша әлемнің топ-10 бапкері:

  1. Луис Энрике (ПСЖ);
  2. Арне Слот («Ливерпуль»);
  3. Симоне Индзаги («Әл-Хиләл»);
  4. Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»);
  5. Ханс-Дитер Флик («Барселона»);
  6. Хаби Алонсо («Реал Мадрид»);
  7. Микель Артета («Арсенал»);
  8. Антонио Конте («Наполи»);
  9. Унаи Эмери («Астон Вилла»);
  10. Карло Анчелотти (Бразилия құрамасы).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или