Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен сербиялық Александра Джокичті 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты. 

Екінші айналымда рейтингіде 1319-орында тұрған чехиялық Люси Урбановамен ойнады. 

Жібек 6:1, 1:0 есебімен жеңіп жатқан кезде чехиялық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 768-сатыдағы босниялық Суана Тукаковичпен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или