Қазақстандық боксшы WBO рейтингінде көтерілді

Қазақстандық боксшы WBO рейтингінде көтерілді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (20-0, 13 КО) екінші жартылай жеңіл салмақтағы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зәуірбек бір сатыға жоғарылап, рейтингте 14-орынға көтерілді.

Еске салайық, Сұлтан кейінгі жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, оңтүстікафрикалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін иеленген еді.

Бұл салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы – мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 32 КО). WBO рейтингінің үздік үштігіне филиппиндік Чарли Суарес (18-1, 10 КО), жапониялық Кеничи Огава (30-2-1, 21 КО) және тағы бір Филиппин боксшысы Марк Магсайо (27-2, 18 КО) енеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или