«Ордабасы» сапына Румыния чемпионатының қола жүлдегері қосылады

Шымкенттік «Ордабасы» сапына Румыния чемпионатының қола жүлдегері Михай Кэпэцина қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Серый CARDINAL» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
29 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін «Университатя Крайова» клубында ойнаған, бұл команда сапында ол 120-дан астам матчқа қатысқан. Сондай-ақ, ол Румынияның жастар құрамасына шақыртылған.
Өткен маусымда «Университатя Крайова» чемпионатта үшінші орын алған еді.
Еске сала кетейік, 10 шілдеде «Ордабасы» УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында грузиялық «Торпедо» клубымен кездеседі. Алғашқы матч Грузияда, ал қарымта ойын 17 шілдеде Шымкентте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или