Конференция лигасы: «Ордабасы» - «Торпедо» матчына төрешілер тағайындалды

Конференция лигасы: «Ордабасы» - «Торпедо» матчына төрешілер тағайындалды

2025/26 жылғы маусымдағы Конференция лигасының шымкенттік «Ордабасы» мен грузиялық «Торпедо» арасындағы алғашқы матчында беларусьтік төрешілер бригадасы қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Football.by сайтына сілтеме жасап.

Минскілік Антон Лашук алғашқы іріктеу кезеңінің алғашқы ойынына бас төреші болып тағайындалды.

Кездесу 10 шілдеде Кутаисиде (Грузия) Рамаз Шенгелия атындағы стадионда өтеді.

Оның көмекшілері ретінде гомельдік Денис Емельянчиков пен мозырлық Антон Полуянов тағайындалды. Қосалқы төреші — гомельдік Амин Кургхели.

Еске сала кетейік, қарымта ойын 17 шілдеде Шымкентте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или