«Каспий» көшті ұзартты

Қазақстан Бірінші лигасында кезекті турдың ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
11-тур аясында «Каспий» Ақтөбеде жергілікті клубтың дубль командасымен кездесті. Қонақтар айқын басымдықпен ойнап, қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Есеп – 3:0.
Бұл жеңістен кейін ақтаулық клуб турнир кестесінде алшақтай түсті. Қазір «Каспийдің» еншісінде – 30 ұпай. Екінші орында келе жатқан «Шахтердің» 23 ұпайы бар және бір ойыны кем.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или