«Шахтёрдің» тізгінін уақытша Кузнецов ұстады

Қарағандылық «Шахтёр» командасының бас бапкері міндетін уақытша Александр Кузнецов атқаратын болды.
Бұл шешім Андрей Финонченконың отбасылық жағдайға байланысты қызметінен уақытша кетуіне байланысты қабылданған.
Кузнецов — «UEFA Pro» санатындағы лицензиясы бар тәжірибелі маман. Ол Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларын көп жыл жаттықтырып, 100-ден астам халықаралық ойынға бапкер ретінде қатысқан. Биыл сәуір айында «Шахтёр» футбол орталығының басшысы болып тағайындалған еді.
Енді маманның басты мақсаты — команданың нәтижелілігін сақтап қалу, клубтың бірыңғай жүйесін жалғастыру және футбол орталығы мен негізгі құрам арасындағы байланысты күшейту.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или