Мас күйінде адам қағып өлтірген экс-футболшы сот алдында жауап берді

Огайо штаты университетінің бұрынғы футболшысы Кирк Бартон 23 маусым күні Франклин округінің сотында жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz. Ол 21 маусымда Дублин қаласында болған адам өлімімен аяқталған жол апатына себепкер ретінде айыпталып отыр.
Полиция мәліметінше, 40 жастағы Бартон ішімдік ішіп, қарсы бағытта көлік жүргізген. Соның салдарынан оның Ford Raptor көлігі Lexus-пен соқтығысып, 24 жастағы жүргізуші Итан Перри оқиға орнында қаза тапқан.
Сот Бартонға 500 мың доллар кепіл қойды. Енді ол көлік жүргізе алмайды және алкоголь деңгейін бақылайтын электронды білезік тағып жүруге міндеттелді.
Бартон — 2003–2007 жылдары университеттің шабуыл шебінде ойнаған футболшы. Ол All-American құрамасына енген, команданың капитаны болған. 2007 жылы «Чикаго Беарз» оны NFL драфтының жетінші раундында таңдаған.