UFC-дың бұрынғы чемпионы алдағы жоспарымен бөлісті

UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы Том Аспиналл келесі қарсыласының француз Сирил Ган болатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz. Қазіргі таңда Ган дивизион рейтингінде бірінші орында тұр.
«Меніңше, мені аңдыған дұрыс, керісінше емес. Сирил Ган біраз уақыт менімен жекпе-жектен қашып жүрді. Енді оған сабақ беретін кез келді», – деді Аспиналл Стивен Бартлетке берген сұхбатында.
Британдық файтердің айтуынша, ол үздік ондықтағы біраз қарсыласын жеңіп үлгерген. Енді Жаилтон Алмейда мен мүмкін болса, Александр Волковпен реванш өткізуге ниетті.
Аспиналл келесі жекпе-жектің нақты күнін айтпады, бірақ оның жақын арада өтетінін меңзеді. Егер бәрі жоспар бойынша өтсе, жыл соңына дейін октагонға тағы екі рет шықпақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или