Сабыржан Аққалықов: «Үйдегі жарыста алтын алғым келеді»

Сабыржан Аққалықов: «Үйдегі жарыста алтын алғым келеді»


Сабыржан Аққалықов Астанада 30 маусымда басталатын бокстан Әлем кубогына дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізіміне енген боксшы соңғы оқу-жаттығу жиынын аяқтап қалды. Қазір ол өзге елдердің спортшыларымен бірге жаттығып жүр.

«Негізгі мақсат – алтын медаль алып, қазақстандық бокстың деңгейін көрсету», – деді Аққалықов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында.

Ол маусымның өте тығыз әрі қарқынды өтіп жатқанын айтты. Турнирден кейін бірден әлем чемпионатына дайындық басталады. 75 келі салмақ дәрежесі аса бәсекелі саналады дейді спортшы. Оның айтуынша, Канада мен Сербияның боксшылары айрықша қауіпті. Қазір өз жағдайын 90 пайыз деп бағалап отыр, бірақ жарысқа дейін толық форма жинайтынына сенімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или