Қазақстан құрамасы экс-бас бапкерінің клубы кәсіби мәртебесінен айырылып, РФС құрамынан шығарылды

Қазақстан құрамасы экс-бас бапкерінің клубы кәсіби мәртебесінен айырылып, РФС құрамынан шығарылды


Мәскеуде өткен конференцияда Ресей футбол одағының бас хатшысы Максим Митрофанов «Химки» клубының РФС құрамынан шығарылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған клубтың кәсіби мәртебеден айырылуы себеп болған. Сонымен қатар «Знамя Труда» клубы да тізімнен алынып тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024/25 жылғы маусымда «Химки» Ресей Премьер-лигасында 12-орын алғанымен, келесі маусымға лицензия ала алмады. Нәтижесінде, клубтың орнын плей-оффта «Сочиден» жеңілген «Пари НН» иеленді.

18 маусым күні «Химкидің» баспасөз қызметі клуб қызметінің уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или