Муайтайдан Азия чемпионатында ел қоржынына 7 алтын жүлде түсті

Муайтайдан Азия чемпионатында ел қоржынына 7 алтын жүлде түсті


Вьетнамның Тхайнгуен қаласында муайтайдан барлық жас санатында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Биыл командасы сапында 24 отандасымыз жүлдеге таласты. Нәтижесінде U23 және ересектер кіретін А санатында Ұлттық құрама жалпы есепте Таиландтан кейін 2-орынға тұрақтады. Қазақстан спортшылары 7 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. 

Біздің жетістіктер:

- Команда капитаны Әбіл Ғалиев – тай боксынан 2 дүркін Азия чемпионы атанған тұңғыш отандасымыз.

- Даяна Дүйсенғали - «Әйелдер арасында үздік спортшы» («Best female fighter») атанды.

- Қазақстан құрамасы Азия муайтай федерациясының (FАMA) арнайы сыйлығына -  «Best fair play team» ие болды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа Азия мен Тынық мұхиты аумағындағы 20 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или