Арман Царукян Топурияға қатысты мәлімдеме жасады

Арман Царукян Топурияға қатысты мәлімдеме жасады

Үздік UFC файтері Арман Царукян бразилиялық Чарльз Оливейрамен титулдық жекпе-жек алдында грузиялық Илья Топурияға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топурия мен Оливейра жексенбі, 29 маусымда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 317 турнирінде жеңіл салмақтағы UFC чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.

«Егер сен жеңсең, октагонның еденін сенің жүзіңмен сүртемін, Илия», - деп жазды Царукян әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Топурия Царукянның Оливейраға қарсы жекпе-жекке резерв етіп тағайындалуын сынға алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или