Зарина Диас Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Испанияның Пальма-дель-Рио қаласында өтіп жатқан ITF W50+H турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда 31 жастағы спортшы португалиялық Матильде Хорхеден 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.
Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.
Қазіргі уақытта Зарина WTA әлемдік рейтингінде 274-орында тұр. Ол келесі айналымда әлемдік рейтингте 551-орында тұрған чехиялық теннисші Тереза Мартинцовамен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 40 мың еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или