Ислам Чесноковқа шотландиялық клуб қызығушылық танытып отыр

Edinburgh Evening News басылымы Қазақстан құрамасы мен «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноковтың шотландиялық «Хартс» командасына ауысуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тобылмен» келіссөздер жалғасып жатыр, бірақ Қазақстан Премьер-Лигасының клубы өзінің жұлдызды ойыншысын жібергісі келмейді.
25 жастағы Чесноков осы маусымда Лиганың 12 ойынында бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның ішінде сенбі күні «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңген ойында бір гол және нәтижелі пас берді. «Тобыл» чемпиондық атаққа таласатындықтан оны жоғалтқысы келмейді. Қазіргі уақытта олар турнир кестесінде екі ойынмен көш басында тұрған «Астанадан» алты ұпайға қалып, үшінші орында тұр.
Бұған дейін «Хартс» бас бапкері Дерек Макиннес қостанайлық «Тобыл» футболшысына қатысты келіссөздердің жай-жапсарын айтқан болатын.