«Барыстың» экс-көшбасшысы ҚХЛ клубымен келісімшарт жасасты

«Нефтехимик» шабуылшы Дамир Жафяровпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өткен маусымды Жафяров «Барыс» сапында өткізді. 31 жастағы шабуылшы 27 матчта бес ұпай жинады — бір шайба соғып, төрт нәтижелі пас берді.
2022 жылдан бері Жафяров төрт рет команда ауыстырды. Осы уақыт аралығында ол «Торпедо», СКА, «Ак Барс», «Авангард» және «Барыс» клубтарында ойнады. Жалпы КХЛ-де Дамир Жафяров 669 матч өткізіп, 337 (134+203) ұпай жинаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или