Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу финалына шықты

Қазақстандық теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу финалына шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында қазақстандық спортшы германиялық Янник Ханфманды 7:6, 6:3 есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.

Келесі айналымда Жукаев француз Л. Павлович пен жапониялық Д. Троттер арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Уимблдонның негізгі кезеңі 30 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Ерлер арасындағы қазіргі чемпион — испаниялық Карлос Алькарас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или