«Ювентус» пен «Манчестер Сити» топтағы бірінші орын үшін таласады

«Ювентус» пен «Манчестер Сити» топтағы бірінші орын үшін таласады

2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Плей-офф кезеңінде ойнайтын командалардың жартысынан көбі белгілі. «Ювентус» пен «Манчестер Сити» де 1/8 финалға жолдама алып қойды. Енді кім бірінші орынмен шығатыны шешілуі тиіс. Бұл екі команда арасындағы кездесу 27 маусым күні Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де өтеді.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының G тобындағы жағдай көптеген сенсацияларға қарамастан, өте болжамды болды. «Ювентус» «Әл-Айнды» 5:0, ал «Видадты» 4:1 есебімен жеңді. «Манчестер Сити» «Әл-Айнды» 6:0 есебімен тас-талқан етсе, марокколық клубты 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, Игор Тудор мен Пеп Гвардиола шәкірттері плей-оффқа жолдама алып үлгерді. Ал алдағы матчта қарсыластары кім болатыны анықталады. Сол түні H тобында да соңғы тур өтеді. Бұл топтан 1/8 финалға «Реал», «Зальцбург» және «Әл-Хилаль» сынды үш команда таласып жатыр. «Ювентус» пен «Ман Сити» осы үшеуінің біріне қарсылас болады.

«Ювентус» Игор Тудормен жұмысын енді бастаған. Хорват маманs команда тізгінін наурыз айының соңында ұстады. Соңғы кезеңде туриндік клуб А сериясында 5 жеңіс, 3 тең ойын және 1 жеңіліспен жақсы нәтиже көрсетті. Бұл оларға келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты аясында әзірге команданың әлеуетін толық бағалау қиын, себебі қарсыластар әлдеқайда әлсіз болды. Дегенмен, бірнеше ойыншы ерекшеленіп жатыр. Мысалы, 20 жастағы Кенан Йылдыз турнирде үш гол соғып, үздік мерген атанып тұр. Франсишку Консейсау да екі әдемі голымен және техникалық шеберлігімен көзге түсті.

«Манчестер Сити» бұл маусымды Пеп Гвардиола жетекшілігімен ең сәтсіз кезеңдердің бірі ретінде өткізді. АПЛ-да да, басқа турнирлерде де жетістікке жете алмады. Тіпті Англия кубогының финалында «Кристал Пэласты» жеңе алмады. Клуб бірден трансферлік нарықта белсенді әрекет етті. Қыста Абдукодир Хусанов, Омар Мармуш, Нико Гонсалес және Витор Рейс клубқа қосылды. Маусым айында Райан Шерки, Тиджани Рейндерс және Райан Аит-Нури команданы толықтырды. Бұл ойыншылардың барлығы Клубтар арасындағы әлем чемпионатында ойнады, Шерки гол да соқты. Бұл турнир Гвардиола үшін келесі маусымға дайындық ретінде маңызды. Ол тактикалық шешімдерін ресми матчтарда сынап көріп жатыр. Алғашқы екі матчта негізгі құрамдар толықтай өзгеріп отырды – ешбір ойыншы екі матчта қатарынан негізгі құрамда болған жоқ.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл ойынға келесі коэффициенттерді ұсынады:

«Ювентустың» жеңісіне - 4.65 

Тең ойынға - 3.70

«Манчестер Ситидің» жеңісіне - 1.78

Tennisi.kz-те клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанады деген бәс қоюға болады:

 «Манчестер Сити» - 6.00

«Ювентус» - 21.00

Эрлинг Холанд плей-оффта көп гол соғады деп ойлайсыз ба? Ол турнирдің үздік сұрмергені атанады деген бәске 11.00 коэффициенті ұсынылған.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или