Елордада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Елордада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

4–10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған турнирде 27 елден келген 450-ден астам спортшы бақ сынайды деп күтіліп отыр. 

Еліміздің атынан 36 жас зілтемірші сынға түседі. Қазақстан құрамасының нақты тізімі кейін жарияланады. 

Азия чемпионатында U17 және U20 жас санаттары бойынша жүлделер сарапқа салынады.

Айта кетейік, жарыс елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или