«Тараздың» түлектері клубқа қайта оралды

«Тараздың» түлектері клубқа қайта оралды


«Тараз» футбол клубы өз мектебінен шыққан үш ойыншының командаға қайта қосылғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, негізгі құрамды енді Максат Амирханов, Азамат Еркінбек пен Еркебұлан Тойбеков толықтырды. Олар бұған дейін «Тараз» академиясында тәрбиеленіп, енді негізгі команда сапында өнер көрсетпек.

Айта кетейік, 4 маусым күні клуб жаңа бас бапкерін таныстырған болатын. Бұл қызметке қазақстандық маман Нурмат Мирзабаев келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или