«Арлан» Континенттік кубоктен шеттетілді

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) Көкшетаулық «Арланды» Континенттік кубокке қатысудан ресми түрде шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешім клубтың өткен маусымда турнирдің финалдық кезеңінен бас тартуына байланысты қабылданған. Енді Қазақстан атынан жарысқа ел чемпионатының күміс жүлдегері Өскеменнің «Торпедосы» қатысады.
Жаңартылған форматқа сәйкес, «Торпедо» бірден жартылай финал кезеңінен бастайды. Бұл раунд қараша айында өтеді. Финалдық кезең 2026 жылдың 15–18 қаңтарына жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или