Неймар «Сантоспен» келісімшартын ұзартты

«Сантос» клубы Неймармен 2025 жылдың соңына дейін жаңа келісімшартқа қол қойылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
33 жастағы шабуылшы бұл шешімді жүрегімен қабылдағанын айтты: «Сантос – менің үйім, түп тамырым, өмірім. Осында ер жеттім, нағыз махаббатты сезіндім. Бұл жерде өзімді бақытты сезінемін. Тағы да бір армандарымды жүзеге асырғым келеді, мені ештеңе тоқтата алмайды», – деді Неймар.
Айта кетейік, Неймар «Сантос» академиясының түлегі. Клуб сапында алғаш рет 2008 жылы алаңға шыққан. 2013 жылы «Барселонаға» ауысып, 2025 жылдың қаңтарында туған клубына қайта оралды.
Қазірге дейін Неймар «Сантос» үшін 237 матч өткізіп, 139 гол соғып, 69 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или