«Милан» Модричті өз құрамына қосуды көздеп отыр

«Миланның» спорт директоры Игли Таре мадридтік «Реалдан» кететін Лука Модричке қызығушылық танытып отырғандарын растады, деп жазады Prosports.kz.
«Бізге жаңа көшбасшылар қажет. Лука – команда үшін шешуші ойыншы бола алады. Ол әлі де жарыстарда топ жарып, титулдар үшін күрескісі келеді. Қазір біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Таре журналист Фабрицио Романоға берген пікірінде.
Айта кетейік, Модрич Клубтық әлем чемпионатынан кейін «Реалмен» қош айтысады. Өткен маусымда ол 59 матч өткізіп, 4 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или