КХЛ клубтар саны азайды: енді небәрі 22 команда қалды

КХЛ клубтар саны азайды: енді небәрі 22 команда қалды


Континенталь хоккей лигасында енді 22-ақ клуб қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. Келесі маусымда «Витязь» командасы жарысқа қатыспайды. Мәскеу маңындағы клуб қаржылық қиындықтарға байланысты жұмысын тоқтатты.

Бұл КХЛ-ден кеткен алғашқы команда емес. Соңғы 17 жылда лига 11 клубтан айырылды. Олардың қатарында «Атлант», «Югра», «Металлург» (Новокузнецк), «Слован», «Медвешчак», «Донбасс», «Йокерит» пен «Динамо» (Рига) бар. Кейбіреуі саяси себеппен, басым бөлігі қаржы тапшылығынан кеткен.

Қазірдің өзінде тағы бірнеше командада қиындық бар. Мәселен, «Салават Юлаев» пен СКА-ның да қаржы жағынан жағдайы мәз емес. «Ладаны» тіпті биыл қыс бойы лига қатарынан шығып қалады деп болжағандар болды.

Айта кетейік, 2016/2017 жылғы маусымда лигада 29 команда болған. Қазір олардың саны 22-ге дейін азайды. Ал плей-оффқа әр конференциядан бар болғаны үш команда өтпей қалады. Бәсеке қыза түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или