Қазақстан чемпионатының финалы: «Қайрат» сериядағы есепті теңестірді

«Семей» мен Алматының «Қайраты» футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф финалдық сериясының екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Семейдегі «Абай Арена» стадионында өткен ойын 3:5 (0:4) есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Алаң иелері сапында Шыңғыс Есенаманов пен Габриэль Кандидо (екі рет) гол соқса, алматылықтар сапында Эдсон, Деннис Кавальканте, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Хулио Занотто мергендік танытты.
Сериядағы есеп 1:1.
Командалар үшінші және төртінші кездесулерін 28 және 29 маусымда Алматыда өткізеді. Финалдық серия үш жеңіске дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или