Александр Бублик Ұлыбританиядағы турнирден бас тартты

Қазақстанның үздік теннисшісі Уимблдонға дейін демалуды шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің 30-шы ракеткасы Александр Бублик Истборндағы ATP 250 турнирінен бас тартты.
Қазақстандық теннисшінің турнир кестесіндегі орнын бірінші айналымда аргентиналық Франсиско Комезаньямен ойнайтын америкалық Дженсон Бруксби алады.
Өткен аптада Бублик әлемдік рейтингтің көшбасшысы италиялық Янник Синнерді, ресейлік Карен Хачановты ұтып, финалда ресейлік бірінші ракетка Даниил Медведевті жеңіп, Германияның Галле қаласында өткен турнирдің жеңімпазы атанды.
Еске салайық, Уимблдон турнирінің негізгі кезеңі 30 маусымда басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или