Александр Бублик Аlmaty Open турниріне қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2025 жылдың қазан айында өтетін Almaty Open турниріне қатысуға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің баспасөз қызметі жариялаған видеожолдауда 28 жастағы спортшы өз елінде ойнаудың әрдайым ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
«Өткен жылы жарақат салдарынан Алматыға келе алмадым. Бірақ биыл үй аренасында өнер көрсету мүмкіндігіне үлкен шабытпен қараймын. Жанкүйерлерге керемет эмоция сыйлағым келеді. Турнирге әлі уақыт бар, маусым ұзақ, сондықтан ең бастысы – денсаулығымды сақтау және қазан айына дейін бабымды жоғалтпау», – деді Бублик.
2025 жыл Александр үшін табысты басталды. Көктемде ол алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына дейін жетіп, «Ролан Гаррос» жарысында жарқын нәтиже көрсетті. Ал 22 маусымда Германияның Галле қаласында ATP 500 санатындағы беделді турнирде жеңіске жетіп, осы дәрежедегі екінші титулын иеленді.
Almaty Open жарысы ATP 250 деңгейіндегі турнирлер қатарына кіреді және 13–19 қазан аралығында өтеді. Сарапшылардың айтуынша, Бубликтің қатысуы турнирдің басты оқиғаларының бірі болмақ.