Хабиб Нурмагомедов UFC тарихындағы үздік файтердің есімін атады

Хабиб Нурмагомедов UFC тарихындағы үздік файтердің есімін атады

UFC-дің бұрынғы чемпионы, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов америкалық Джон Джонсты мансабын аяқтауымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құттықтаймын, аңыз адам. Біз дос болмасақ та, сен – UFC тарихындағы ең үздіксің. Сен әлем бойынша миллиондаған адамға шабыт сыйладың. Бұл спортта саған ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ», – деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желіде.

Еске салайық, 37 жастағы Джон Джонс UFC-де алғаш рет 2008 жылы өнер көрсетті. Ол ауыр салмақта (120 келіге дейін) бір рет және жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) екі мәрте чемпион атанды. Жалпы UFC-де оның еншісінде – 22 жеңіс және 1 жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или