Бибісара Асаубаева элиталық жабық турнирге шақырту алды

Бибісара Асаубаева элиталық жабық турнирге шақырту алды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол әлемнің ең мықты шахматшылары қатысатын фристайл шахматынан элиталық жабық турнирге шақырту алды.

Қатысушылар қатарында қазіргі заманның аңызға айналған шахмат шеберлері – Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Хикару Накамура және басқалар бар.

«Маған небәрі 21 жас, ал мені армандағы турнирге шақырды. Бұл турнирге тіпті ер гроссмейстерлер де қатысуды армандайды. Әлі күнге дейін бұл шындық сияқты емес – түс көріп жатқандай күйдемін!» – деп жазды Асаубаева.

Осы жоғары дәрежелі жарысқа шақырту алуына 2025 жылдың мамыр айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters халықаралық супертурнирі үлкен себеп болды. Сол турнирде Бибісара тарихи нәтижеге қол жеткізіп, үшінші әрі соңғы гроссмейстерлік норманы орындап қана қоймай, алғаш рет рейтингін 2500-ден асырып, гроссмейстер атағына қажетті маңызды межеден өтті.

Осылайша, Асаубаева шахматтағы ең жоғарғы атаққа бір қадам жақындап, ерлермен тең дәрежеде бұл деңгейге жеткен санаулы әйелдердің қатарына қосылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или