Astana велошабандозы Қытай чемпионатында күміс медаль еншіледі

Astana велошабандозы Қытай чемпионатында күміс медаль еншіледі

XDS Astana Team командасының велошабандозы Хаоюй Су Қытай чемпионатында жекелей жарыста күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл оның ұлттық біріншіліктегі ең үздік көрсеткіші. Жарыс Қытайдағы Ордос мәдени индустрия паркі аумағында өтті.

Велошабандоздар 38,6 шақырымдық қашықтықты еңсерді. Жол бағыты былтырғы жарыспен ұқсас — биіктігі шамамен 1300 метр болатын таулы өңірде өтті.

Жарыс өткен жылғыдай болды. 40 шақырымдық трасса, биіктігі шамамен 1300 метр. Командалық оқу-жаттығу жиыны дәл осындай биіктікте өтіп, бүгінгі нәтижеме айтарлықтай көмектесті. Алекс (Даусетт) мен үшін керемет орын таңдап берді. Соның арқасында аз кедергімен көбірек күш жұмсадым. Бүгін жарыс тактикасын толық ұстанып, бар күшімді сарп еттім. Алғашқы орыннан небәрі төрт секунд қалып қойғаным аздап өкінішті, бірақ қай тұста жұмыс істеу керектігін білемін. Алдағы уақытта прогресс жасап, реванш алуға тырысамын, — деді Хаоюй Су жарыстан кейінгі сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или