Ұлыбритания елінің боксшылары Астанаға келді

Астанадағы әлем кубогіне қатысатын Ұлыбритания елінің былғары қолғап шеберлері Елордаға келіп жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер сапында осы жылдың басында Бразилияда өткен әлем кубогінің жүлдегері Исаак Окох, әйелдер құрамасында 2024 жылғы әлем кубогінің жеңімпазы Патрис Мугалзай бар.
Бұдан өзге АҚШ, Канада, Әзербайжан, Франция, Швейцария, Финляндия, Германия, Словакия, Швеция және Сербия мемлекетінің боксшылары Астанаға келген еді.
Олар әлем кубогі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
World boxing ұйымдастыруымен өткелі жатқан додаға 30 мемлекеттің боксшылар бақ сынайды.
Байрақты бәсеке 30 маусым мен 6 шілде аралағында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или