«Ордабасы» украиналық ойыншымен келісімшартқа отырды

Шымкенттің «Ордабасы» 27 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Юрий Вакулкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Вакулко Одесса футбол мектебінің түлегі. 2014 жылдан бастап «Днепр»академиясында оқуын жалғастырды, онда ол жасөспірімдер (22 матч, 3 гол) және жастар құрамаларында (38 матч, 3 гол) ойнады.
2015 жылдың 8 сәуірінде «Днепрдің» негізгі құрамы сапында Украина кубогында «Чорноморецке» қарсы матчта 74-минутта қосалқы құрамда алаңға шыққан. Ол алғаш рет ел чемпионатында 2016 жылы 24 шілдеде «Волынь» командасына қарсы ойнап, 90 минуттың барлығын алаңда өткізіп, гол соқты.
2018 жылдың қаңтарында бельградтық «Партизанға» ауысып, 2019 жылдың жазында «Днепр-1» командасымен келісімшартқа отырды.
Вакулконың кейінгі клубы украиналық «Кривбасс» болды, ол 2023/24 жылғы маусымында ойнады.
Жартылай қорғаушының Украина жастар құрамасында (U-21) ойнау тәжірибесі де бар, ол 18 матч өткізіп, 1 гол соққан. Оның дебюті 2016 жылы 2 қыркүйекте Францияға қарсы матчта өтті.