ГЛАВНАЯ
Жеңіл атлетика
Қазақстандық спортшы Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Кристина Овчинникова Польша астанасы Варшавада өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.
Ол биіктікке секіру сайысында екінші нәтиже көрсетті. Овчинникова 185 сантиметр биіктікті бағындырды.
Бірінші орынды 192 см нәтижемен украиналық Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынға 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или