Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады

Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады

24-29 маусым аралығында Хорватияның Загреб қаласында үстел теннисінен WTT Contender Zagreb атты ірі халықаралық турнир өтеді.

Бұл жарысқа әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған танымал спортшылар қатысады: Томокази Харимото (Жапония, ITTF рейтингінде 4-орын), Сян Пэн (Қытай, 9-орын), Дарко Йоргич (Словения, 10-орын), Бенедикт Дуда (Германия, 11-орын), Ан Джэхён (Оңтүстік Корея, 17-орын), Ох Джунсунг (Оңтүстік Корея, 19-орын).

Қазақстан намысын үш теннисші қорғайды. Олар турнирді іріктеу кезеңінен бастайды. Алғашқы қарсыластары төмендегідей:

- Дастан Кенжіғұлов – Сюй Хайдун (Қытай),

- Айдос Кенжіғұлов – Джошуа Стейси (Уэльс),

- Санжар Жұбанов – Сендрик Мейсснер (Германия).

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или