«Тұран» клубтан алты легионердің кеткенін хабарлады

«Тұран» клубтан алты легионердің кеткенін хабарлады

Түркістандық «Тұран» клубтан алты легионердің кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Командадан төрт беларусьтік ойыншы кетті - қақпашы Егор Хаткевич, қорғаушы Руслан Юденков және жартылай қорғаушылар Игорь Стасевич пен Василий Совпель, сондай-ақ екі черногориялық футболшы - қорғаушы Йован Пайович пен жартылай қорғаушы Горан Милойко.

«Біз бұл ойыншыларға командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және болашақ мансабында сәттілік тілейміз!». - деп жазды түркістандық клубтың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «Тұран» Қазақстан Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Команда 13 кездесу өткізіп, 11 ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или