ҚПЛ клубы сапына черногориялық жартылай қорғаушы қосылды

ҚПЛ клубы сапына черногориялық жартылай қорғаушы қосылды

«Атырау» футбол клубы жартылай қорғаушы Горан Милойкомен келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Горан Милойко «Атырау» ойыншысы!

Черногориялық тәжірибелі жартылай қорғаушы Горан Милойко «Атырау» футбол клубымен келісім-шартқа отырғанын ресми хабарлаймыз. Горан черногориялық «Зета», «Искра», өзбекстандық «Андижан» және қазақстандық «Қайсар», «Тұран» футбол клубтары сапында өнер көрсеткен.

Осы маусымда «Тұран» ФК сапында 14 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанған», - деп жазды «Атырау» ФК баспасөз қызметі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или