Хабиб Нурмагомедов UFC тарихындағы ең үздік файтерді атады

UFC-дің бұрынғы чемпионы, қазіргі Даңқ залының мүшесі ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джон Джонсты карьерасын аяқтауымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құттықтаймын, аңыз адам. Біз дос болмасақ та, сен UFC тарихындағы үздіксің. Әлем бойынша миллиондаған адамға шабыт сыйладың, бұл спортта дәлелдейтін ештеңең қалған жоқ», — деп жазды Нурмагомедов әлеуметтік желіде.
Джон Джонс 37 жаста. Америкалық файтер UFC-дегі дебютін 2008 жылы жасаған. Кейін ол ауыр салмақтағы (120 кг дейін) және екі рет жартылай ауыр салмақтағы (93 кг дейін) чемпион атанды. Жаһандық деңгейдегі ең беделді ұйымдағы көрсеткіші — 22 жеңіс және 1 жеңіліс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или