Футзалдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» «Атыраудан» басым түсті

«Ақтөбе» мен «Атырау» футзалдан Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің үшінші орын үшін сериясындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақтөбеде өткен кездесуде алаң иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапынан Альберт Ақбалықов (10-минут), Асхат Күлбаев (13), Нұрбек Қарағұлов (24) және Егор Нулет (29) гол соқты. Қонақтар қатарында Рамазан Бисембайұлы дубль жасап (8 және 27-минуттар), тағы бір голды Алиссон (38) еншіледі.
Үшінші орын үшін екінші матч Атырауда өтеді. Айта кетейік, серия екі жеңіске дейін созылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или