Өскеменде велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды

Өскеменде велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды

23 маусымында Өскеменде тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы командалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

50 шақырымдық командалық жарыста ерлер арасында Жетісу облысының құрамасы жеңіске жетті. Команда құрамында Өркен Сламжанов, Антон Кузьмин, Евгений Фёдоров және Игорь Чжан болды. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары иеленсе, үшінші орын Қарағанды облысының командасына бұйырды.

Әйелдер арасында 30 шақырымдық жұптық командалық жарыста алғашқы екі орынды Жетісу өңірінің спортшылары жеңіп алды. Алтын медальді Ақпейіл Өсім мен Фаина Потапова, күмісті Евгения Заам мен Светлана Пащенко еншіледі. Қола жүлде Астана командасының атынан сынға түскен Елена Мандракова мен Милана Котельниковаға бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или