«Семей» алматылық «Қайраттан» басым түсті

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі финалдық серияның алғашқы матчы аясында «Семей» мен алматылық «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz
Бірінші ойын Семейдегі «Абай Аренада» өтіп, алаң иелерінің 1:0 есебіндегі жеңіске жетті. 20-минутта Ринат Төрегазин нәтижелі соққысымен көзге түсті.
Екінші матч 24 маусымда Семейде өтеді, одан кейін серия Алматыда жалғасады. Финалдық серия үш жеңіске дейін созылады.
Еске салайық, «Семей» финал жолында плей-оффта оралдық «Бәйтеректі» (серияда 2:0) және «Ақтөбені» (3:0) жеңсе, «Қайрат» талдықорғандық «Жетісуды» (2:1) және «Атырауды» (3:1) турнирден шеттетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или