ҚПЛ клубы жаңа басшысын таныстырды

Дінмұхаммед Махимов «Тұран» ФК уақытша директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тұран» футбол клубының құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды.Клуб директорының міндетін уақытша атқарушы болып Махимов Дінмұхамбет Алайдарұлы тағайындалды.
Тұран спорт клубының оқу-ісі жөніндегі директор орынбасары лауазымын атқарып отырған маман – спорт саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі кәсіби маман.Олимпиадалық резерв мектептерінде, республикалық спорт мекемелерінде түрлі жауапты қызметтер атқарып, өңір спортын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.
Дінмұхамбет Алайдарұлының соңғы қызмет атқарған орны Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тұран» спорт ойын түрлері клубы» МКҚК – Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары», - делінген клуб хабарламасында.