Елдос Сметов иығына ота жасатты

Елдос Сметов иығына ота жасатты

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов иығына ота жасатты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Ота жасатқанын спортшының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев те растаған. 

Ал Елдостың өзі де instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялады. 

«Ал 2028 Лос-Анджелес күт бізді, тарих жасауға келеміз», - деп жазба қалдырды.

Бұған дейін Елдос Сметовтың жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің денсаулығында емдейтін тұстары бар екенін айтқан еді.

Жеке бапкерінің айтуынша Елдос Сметов жарақатынан толық сауыққан соң 2025 жылдың соңында татамиге оралады.

Айта кетейік, Елдос Сметов ел тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы. Сондай-ақ күміс және қола жүлде де иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или