«Барыстың» бас бапкерін неге жұмыстан шығара алмайтыны түсінікті болды

«Барыстың» бас бапкерін неге жұмыстан шығара алмайтыны түсінікті болды

«Головой Об Лёд» дереккөзі «Барыс» хоккей клубы бас бапкер Ғалым Мәмбеталиевті жұмыстан шығара алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі болғандай, жақында ғана «Барыстың» бас директоры атанған Сәкен Мұсайбеков клубтың бас бапкерін қызметінен босата алмайды екен.

Дереккөз ақпаратына сенсек, Мәмбеталиев жылына 54,9 миллион теңге жалақы алады. Алайда келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылса, онда жаттықтырушыға 200 миллион теңге өтемақы берілуі тиіс. Ал бұл онсыз да жағдайы тұрақсыз «Барыстың» қалтасына ауыр тиетіні сөзсіз.

Естеріңізде болса, былтыр Мәмбеталиевті клубқа сол кездегі бас директор Нұрлан Оразбаев шақырған. Дегенмен биылғы 8 сәуір күні Оразбаевтың өзі қызметінен кетті. Себебі ұжым Құрлықық хоккей лигасында өте нашар көрсетіп, маусымды сәтсіз аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или