«Семей» футзал клубының фан-дүкені ашылды

Семей қаласында «Семей» футзал клубының ресми түрде фан-дүкені ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Бүгін «Семей» футзал клубының көптен күткен ресми фан-дүкенінің ашылуы өтті!
Ашылу рәсімінде команда капитандары Чингиз Есенаманов пен Рауан Атантаев салтанатты түрде лентаны қиып, жанкүйерлерге ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шараға келген жанкүйерлер клуб ұйымдастырған жүлделі конкурстарға қатысып, керемет көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ашылу салтанаты ойыншыларымыз — Ақжол Дәрібай, Ринат Турегазин , Дәулет Затыбеков, Әбдірәсіл Абдуманапұлы және Никита Емельяновтың қолтаңба сессиясы және естелік фотосессиясымен жалғасты.
Барша жанкүйерлерге ерекше атмосфера мен қолдаулары үшін алғыс айтамыз», - делінген клубтың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, бұл дүкеннен сіз тек ойын формаларын ғана емес, сонымен қатар жаттығу киімдері, шарфтар, сөмкелер және түрлі аксессуарларды да сатып ала аласыз.