Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының шешуші айқастары басталады

Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының чемпиондық атақ пен қола жүлделер үшін финалдық сериялар басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпиондық титул үшін серия үш жеңіске дейін жалғаспақ. Алғашқы екі кездесу тұрақты маусымның үздігі атанған «Семейдің» алаңында өтеді.
Үшінші және қажет болған жағдайда төртінші матч Алматыда ойналады. Егер есеп теңессе — шешуші бесінші ойын қайтадан Семейде өтеді.
Ал қола жүлде үшін «Атырау» – «Ақтөбе» арасында тартысты матч өтпек. Бұл жерде серия екі жеңіске дейін созылады. Бірінші ойын Ақтөбеде, екінші матч «мұнайшылардың» алаңында өтеді. Егер екі ойыннан кейін есеп 1:1 болса, жүлделі соңғы кездесу де Атырауда өтеді.
Матчтар Астана уақытымен басталады.
19:30. Финал | «Семей» - «Қайрат»
20:30. Үшінші орын үшін ойын | «Ақтөбе» - «Атырау»