«Бавария» мен «Барселона» ойыншы үшін талас жүргізбек

«Бавария» мен «Барселона» ойыншы үшін талас жүргізбек

Германияның «Бавария» клубы испаниялық шабуылшы үшін соңына дейін күреспек, деп хабарлайды Prosports.kz.

L’Equipe пен Sky Sports DE басылымдарының хабарлауынша, мюнхендіктер испаниялық шабуылшы Нико Уильямсқа жаңа ұсыныс жасапты.

«Қызылдар» Никоға бір маусым үшін таза 12 млн еуро жалақы беруге дайын екен.

«Бавария» «Барселона» қаржылық және тіркеу проблемасына байланысты трансферді жүзеге асыра алмайды деп үміттеніп отыр.

Ал 22 жастағы ойыншының өзі «блаугранаға» ауысқысы келеді және «Атлетик» пен «Барсаның» келіскенін күтіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или