«Барселона» швециялық шабуылшыны қатарына қосуы мүмкін

«Барселона» швециялық шабуылшыны қатарына қосуы мүмкін

Каталониялық «Барселона клубы» мен Данияның «Копенгагені» швециялық вингер Руни Барджидің трансфері бойынша келіссөздерді сәтті аяқтауға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz

Фабрицио Романоның мәліметінше, келісімшартқа қатысты соңғы мәліметтер алдағы күндері реттеліп, футболшы шілде айында командаға қосылуы ықтимал.

Бұған дейін ойыншының агенті Барселонада болып, клуб өкілдерімен келіссөз жүргізген. «Блауграна» екі нұсқаны қарастыруда: ойыншыны 2025 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде алу немесе қазір 2–3 миллион еуроға сатып алу.

Руни Барджи Кувейтте дүниеге келгенімен, Швеция жасөспірімдер құрамасының намысын қорғайды. Қазіргі командасымен ол үш мәрте Дания чемпионы атанып, екі рет ел кубогын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или